"Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 23-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.

      «Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 146-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.»;
      Азия Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 47-ші жыл сайынғы мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы          орынбасары, төрағаның орынбасары

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы          ақпарат министрі

Тұрғымбаев             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы        министрінің орынбасары

Әйтенов                - Қазақстан Республикасы Президенті Іс
Мұрат Дүйсенбекұлы       басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы
                         байланыстар бөлімінің меңгерушісі
                         (келісім бойынша)

Ли                     - Қазақстандағы Азия Даму Банкі өкілдігінің
Гуангуи                  директоры (келісім бойынша);
      мына:
«Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Ерболат Асқарбекұлы      және сауда министрі, төрағаның орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Марат Әпсеметұлы         және сауда вице-министрі, хатшы

Нокин                  - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Серік Кеңесұлы           үй-коммуналдық шаруашылық істері
                         агенттігінің төрағасы»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Досаев                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы      бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның
                         орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы

Нокин                  - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Кеңесұлы           вице-министрі»;
      көрсетілген құрамнан Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Тыныбеков Қайрат Сағатханұлы, Жанұзақов Асхат Ысқақұлы шығарылсын.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады