Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистенің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2013 жылғы 16–18 сәуір аралығында Астана қаласында Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистенің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+1+10» форматы бойынша Финляндия Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша қызметтер», 003 «Халықтың республикалық деңгейдегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Финляндия Республикасы ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистенің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан қабылдаулар (бейресми қабылдаулар) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырсын;
2) сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
6. Астана қаласының әкімдігі Финляндия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистені қарсы алу мен шығарып салудың ресми рәсімдеріне қатыссын.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Финляндия Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 12 сәуірдегі
№ 64-ө өкіміне
қосымша
Финляндия Республикасының ресми делегациясының мүшелерін қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Финляндия Республикасы ресми делегациясының мүшелерін (1+1+10 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласының қонақүйінде орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Финляндия Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Астана қаласында Финляндия Республикасының Президенті мен оның жұбайының құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
5. Финляндия Республикасы делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Техникамен қамтамасыз ету, іс-шараларды өткізу орындарын тематикалық және гүлмен безендіру.
7. Финляндия Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Финляндия Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
9. Екіжақты келіссөздер өткізу үшін Астана қаласының қонақүйінде залдарды жалға алу.
10. Астана қаласындағы «Риксос Президент Астана» қонақүйінде «D-Hall» залын жалға алу.