Қазақстанды 2020 жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту тұжырымдамасы мен Перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасы жобаларына ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 77-ө өкімі

      Қазақстанды 2020 жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту тұжырымдамасы мен Перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасы жобаларына ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Ахметов                    - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы              Министрі, басшы

Келімбетов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы              Министрінің орынбасары, басшының
                             орынбасары

Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы              Министрінің орынбасары – Қазақстан
                             Республикасының Индустрия және жаңа
                             технологиялар министрі, басшының
                             орынбасары

Құлыбаев                   - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Тимур Асқарұлы               экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                             бірлестігі төралқасының төрағасы,
                             басшының орынбасары (келісім бойынша)

Бекенов                    - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Берік Темірғалиұлы           жаңа технологиялар министрлігі
                             Стратегиялық жоспарлау департаментінің
                             директоры, хатшы

Досаев                     - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Жәмішев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағалиев                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы              коммуникация министрі

Жұмағұлов                  - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы           ғылым министрі

Мамытбеков                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы           шаруашылығы министрі

Мыңбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы          министрі

Шөкеев                     - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Өмірзақ Естайұлы             акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Айтжанов                   - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Дулат Нулиұлы                акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша)

Зейнуллин                  - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
Әбдікәрім Әбжалелұлы         холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                             төрағасы (келісім бойынша)

Құсайынов                  - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік
Нұрлан Жетпісұлы             қоғамының басқарма төрағасы (келісім
                             бойынша)

      2. Жұмыс тобы:
      1) 2013 жылғы 31 маусымға дейінгі мерзімде Перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру тұжырымдамасының жобасы бойынша;
      2) 2013 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстанды 2020 жылға дейін индустриялық-инновациялық дамыту тұжырымдамасының жобасы
жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының
Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады