1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге түзету енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 78-ө өкімі

      1997 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және «ҚМГ Қашаған Б.В.», «Аджип Каспиан Си Б.В.», «КонокоФиллипс Норт Каспиан Лтд.», «ЭксонМобил Казахстан Инк.», «Инпекс Норт Каспиан Си Лтд.», «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.», «Тоталь ЭиП Казахстан» арасындағы Солтүстік Каспий бойынша Өнімді бөлу туралы келісімге (бұдан әрі – СК ӨБК) түзету енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы            орынбасары, басшы

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы        министрі, басшының орынбасары

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы          басшының орынбасары

Ақшолақов                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы              вице-министрі, хатшы

Құл-Мұхаммед             - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Мұхтар Абрарұлы            ақпарат министрі

Рау                      - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович           жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы          вице-министрі

Ысқақов                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Марлен Нұрахметұлы         қорғау вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Сарыбай                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Шораұлы             министрінің орынбасары

Кравченко                - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
Андрей Николаевич          орынбасары (келісім бойынша)

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы          министрлігінің жауапты хатшысы

Балаева                  - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Аида Ғалымқызы

Берлібаев                - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Данияр Әмірбайұлы          акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
                           бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы  24 мамырға дейінгі мерзімде СК ӨБК-ге түзету енгізу бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                  С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады