1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімдерде:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің
жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан
Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 79-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № |
Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
2. |
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ИЖТМ |
2013 жылғы мамыр |
3. |
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТМРА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
4. |
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентгігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТМРА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
5. |
«Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТМРА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
6. |
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
7. |
«Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ, БҚА |
2013 жылғы мамыр |
8. |
«Су шаруашылығы жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ТМРА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
9. |
«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
МГМ, ТМРА |
2013 жылғы мамыр |
10. |
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
11. |
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне қосу және алып тастау қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
12. |
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ |
2013 жылғы мамыр |
13. |
«Мөлшерден асып кеткен кезде қаржылық ұйымдар қатысатын экономикалық шоғырлануға келісім жүзеге асырылатын қаржылық ұйым активтерінің құны және меншікті капиталының шамасы мөлшерлерін бекіту туралы» бірлескен Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009 жылғы 15 мамырдағы № 138-ОД бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Бірлескен БҚА бұйрығы және ҰБ қаулысы |
БҚА, ҰБ |
2013 жылғы мамыр |
14. |
Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ |
2013 жылғы мамыр |
15. |
Қаржы қызметтері нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ, ҰБ |
2013 жылғы мамыр |
16. |
Монополиялық жоғары бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
17. |
Монополиялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
18. |
Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
19. |
Тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
20. |
Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысанын бекіту туралы |
БҚА бұйрығы |
БҚА, ЭБЖМ |
2013 жылғы мамыр |
21. |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ |
2013 жылғы мамыр |
22. |
Реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды есептеу әдістемесін бекіту туралы |
ТМРА бұйрығы |
ТМРА, ЭБЖМ, ККМ |
2013 жылғы мамыр |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі