Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 83-ө өкімі

      Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған салалық бағдарлама жобасын (бұдан әрі - Салалық бағдарлама жобасы) әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Исекешев             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы        орынбасары - Қазақстан Республикасының
                       Индустрия және жаңа технологиялар министрі,
                       жетекші

Сауранбаев           - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа
Нұрлан Ермекұлы        технологиялар вице-министрі, жетекшінің
                       орынбасары

Нұрабаев             - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Базарбай Қанайұлы      технологиялар министрлігі Геология және жер
                       қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы, хатшы

Досаев               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы    бюджеттік жоспарлау министрі

Ақшолақов            - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы          вице-министрі

Ысқақов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Марлен Нұрахметұлы     қорғау вице-министрі

Құсайынов            - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Еренчинов            - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
Данияр Қағазбекұлы     министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау
                       комитетінің төрағасы

Алдашев              - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Рүстем Ағыбайұлы       министрлігі Жер қойнауын пайдалануға арналған
                       келісімшарттар және өнімді бөлу туралы
                       келісімдер департаментінің директоры

Рыспанов             - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы»
Нұрлан Бектасұлы       акционерлік қоғамының басқарма төрағасының
                       орынбасары (келісім бойынша)

Әбдіреев             - «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы Өндіру
Батырбек Сейтенұлы     және қайта өндіру жобаларын іске асыру
                       департаментінің директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде Салалық
бағдарлама жобасын дайындау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды
Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады