Македония Республикасының Премьер-Министрі Никола Груевскийдің Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 92-ө өкімі

      Македония Республикасының Премьер-Министрі Никола Груевскийдің 2013 жылғы 21-25 мамырда Астана қаласындағы VI Астана экономикалық форумына қатысуы үшін Қазақстан Республикасына жұмыс сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+5» форматы бойынша Македония Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Македония Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана қаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Македония Республикасының Премьер-Министрі Никола Груевскийдің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана қаласының әуежайында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Астана қаласының әуежайында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
      6. Астана қаласының әкімдігі Македония Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындалуды, әуежайды безендіруді, баратын орындарда бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Македония Республикасының ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2013 жылғы 6 маусымдағы
№ 92-ө өкіміне     
қосымша         

Македония Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Македония Республикасының ресми делегациясының мүшелерін (1+5 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана қаласындағы қонақүйде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автокөліктерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Македония Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана қаласының әуежайында шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыру.
      4. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Македония Республикасының Премьер-Министрінің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Македония Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      7. Македония Республикасының ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ, оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Македония Республикасы ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Астана қаласының қонақүйінде екіжақты келіссөздер өткізу үшін залдарды жалға алу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады