"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 99-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2013 жылғы 1 шілдедегі 
№ 99-ө өкімімен     
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

2.

«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДІА

2013 жылғы тамыз

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2013 жылғы тамыз

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2013 жылғы тамыз

6.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2013 жылғы тамыз

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2013 жылғы тамыз

8.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2013 жылғы тамыз

9.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2013 жылғы тамыз

10.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

11.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2013 жылғы тамыз

12.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2013 жылғы тамыз

13.

«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды үйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

14.

«Табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балықтарды және оның уылдырығын сатып алуға төлемақыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 593 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қоршағанортамині

2013 жылғы тамыз

15.

«Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

ИЖТМ

2013 жылғы тамыз

16.

«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

17.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

18.

Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2013 жылғы тамыз

19.

Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині

2013 жылғы тамыз

20.

Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині

2013 жылғы тамыз

21.

Оралман мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Еңбекмині

2013 жылғы тамыз

22.

Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қоршағанортамині

2013 жылғы тамыз

23.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

бұйрық

ДІА

2013 жылғы тамыз

24.

«Өндірістегі жазатайым оқиғаларға байланысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 74-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Еңбекмині

2013 жылғы

25.

«Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы тамыз

26.

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімшілік-аумақтық құрылысының схемаларын бекіту туралы

тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктер мәслихаттарының шешімдері

облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері

2013 жылғы шілде

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ДІА              - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ             - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИЖТМ             - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                   технологиялар министрлігі
МАМ              - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                   министрлігі
БҒМ             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі
Еңбекмині        - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                   әлеуметтік қорғау министрлігі
АШМ             - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині        - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі
ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                   жоспарлау министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады