Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстардың желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 18 шілдедегі № 110-ө өкімі

      Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстардың желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, жетекші

Нысанбаев
Ерлан Нұралыұлы

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi, жетекшінің орынбасары

Коваль
Игорь Александрович

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі Табиғи ресурстар департаментiнің директоры, хатшы

Сарыбай
Қайрат Шораұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму бірінші вице-министрi

Жақсылықов
Тимур Мекешұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Смайылов
Жанболат Амангелдiұлы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi

Жақсалиев
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi

Шаханов
Бейбіт Маратханұлы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінің Су ресурстары комитетi төрағасының міндетін атқарушы

Жолдасбаев
Мұратбай Сматайұлы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Нұртаев
Рзақұл Сәденұлы

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Бектаев
Әли Әбдікәрімұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Рябцев
Анатолий Дмитриевич

«Казгипроводхоз институты» өндiрiстiк кооперативiнің директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 24 шілдеге дейінгі мерзімде Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстардың желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі кешенді жоспардың жобасы бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады