"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 141-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 16 тамыздағы
№ 141-ө өкімімен 
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі 

Р/с№ Нормативтік құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

«Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ӨДМ (жинақтау), Қоршағанортамині

2013 жылғы қыркүйек

2.

«Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ӨДМ (жинақтау), Қоршағанортамині

2013 жылғы қыркүйек

3.

Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА (жинақтау), Қаржымині, ӨДМ, ИЖТМ, ККМ

2013 жылғы қыркүйек

4.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

5.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

6.

Орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ

2013 жылғы қыркүйек

7.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, ТМРА, ӨДМ, БҒМ

2013 жылғы қыркүйек

8.

«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2013 жылғы қыркүйек

9.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

10.

«Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға берудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 913 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МГМ

2013 жылғы қыркүйек

11.

«Инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1066 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ

2013 жылғы қыркүйек

12.

«Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

13.

«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЭБЖМ

2013 жылғы қыркүйек

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады