Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылғы 6 – 9 қыркүйек кезеңінде Қазақстан Республикасына Мемлекеттік сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) қосымшаға сәйкес «1+12» форматы бойынша Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2013 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Астана және Алматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
2) Астана және Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің құрылтай отырысын өткізуді қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны дайындау) қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімдігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
8. Алматы қаласының әкімдігі Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келісім бойынша) Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алу мен шығарып салудың ресми рәсімдеріне қатыссын.
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
11. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 149-ө өкіміне
қосымша
Қытай Халық Республикасының ресми делегациясы мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары
1. Қытай Халық Республикасы делегациясының мүшелерін (1+12 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қызметкерлерін Астана және Алматы қалаларындағы қонақ үйлерге орналастыру.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Қытай Халық Республикасының ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана және Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
4. Қазақстан Республикасының Президенті атынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
5. Қытай Халық Республикасының ресми делегация басшысы мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
6. Техникалық қамтамасыз ету және іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
7. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
8. Қытай Халық Республикасы ресми делегациясының басшысына және мүшелеріне, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
9. Астана қаласында екіжақты келіссөздер және қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалға алу.