Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының азиялық векторын жандандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 164-ө өкімі

      1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының азиялық векторын жандандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамдағы жұмыс тобы құрылсын:

Ыдырысов                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы         министрі, жетекші

Сарыбай                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Шораұлы             министрінің орынбасары, жетекшінің
                           орынбасары

Әли                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерлік Шәкірұлы             министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық
                           департаментінің директоры, хатшы

Демеуов                  - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Ғанұлы               министрінің бірінші орынбасары

Сапаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Оқас Базарғалиұлы          министрінің орынбасары

Әзімова                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы      министрінің орынбасары

Pay                      - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович           және жаңа технологиялар бірінші
                           вице-министрі

Ақшолақов                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы              вице-министрі

Ақышев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Данияр Талғатұлы           төрағасының орынбасары (келісім
                           бойынша)

Тәженов                  - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы
Амангелді Едірісұлы        барлау қызметі директорының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Әбілқасымова             - Қазақстан Республикасының Экономика
Мәдина Ерасылқызы          және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Бөрібаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Асқар Исмайылұлы           ақпарат вице-министрі

Мұхамеджанов             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Бектас Ғафурұлы            қорғау вице-министрі

Орынханов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Қадесұлы             ғылым вице-министрі

Смайылов                 - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы      жағдайлар вице-министрі

Толыбаев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Еркінұлы             вице-министрі

Төкежанов                - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Болат Тұрғанұлы            вице-министрі

Дәленов                  - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Руслан Ерболатұлы          министрі

Жұманғарин               - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы             вице-министрі

Жарқынбаев               - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Шойкин                   - Қазақстан Республикасы Дін істері
Ғалым Нұрмағамбетұлы       агенттігі төрағасының орынбасары

Аманбаев                 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Саламат Ермұханұлы         әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон
                           комитетінің төрағасы

Тұматов                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Айдарбек Әнуарбекұлы       министрлігі Азия және Африка
                           департаментінің директоры

Бақаев                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Әлібек Әсетұлы             министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық
                           департаменті директорының орынбасары

Назаров                  - «Экономикалық зерттеулер институты»
Ержан Сәметұлы             акционерлік қоғамының Әлемдік экономика
                           және интеграциялық зерттеулер орталығы
                           директорының міндетін атқарушы

Романова                 - «Экономикалық зерттеулер институты»
Алена Владимировна         акционерлік қоғамының Әлемдік экономика
                           және интеграциялық зерттеулер орталығы
                           әлемдік экономика және ахуалдық талдау
                           басқармасының бастығы.

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады