Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші |
Құл-Мұхаммед |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, жетекшінің орынбасары |
Байменов |
- |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, жетекшінің орынбасары (келісім бойынша) |
Сқақов |
- |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, хатшы |
Байбек |
- |
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Досаев |
- |
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Имашев |
- |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Сәрінжіпов |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Оразалин |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Смайыл |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Асанғазы |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Қуанышев |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Айтбайұлы |
- |
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша) |
Малбақов |
- |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры |
2. Жұмыс тобы мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және 2014 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр С. Ахметов