Елді мекендердің, экономика нысандарының, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның тыныс-тіршілігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлерде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға жедел ден қою және орталық атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының бірінші
басшылары 2014 жылғы 1-5 қаңтар аралығында:
1) жауапты қызметкерлердің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі жергілікті штабтармен, елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін өңірлік ұйымдардың басшыларымен және диспетчерлік қызметтерімен байланыс орнатсын;
3) шұғыл жағдайларда:
(717-2) 745985 телефоны, 745368 факсы бойынша жедел ахуалды бірден баяндасын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Премьер-Министр С. Ахметов