Жылу электр станцияларының шығарындыларын тазартуды енгізу және ең жаңа технологиялар негізінде өндіріс пен тұрмыста электр энергиясын жаппай үнемдеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 57-ө өкімі

      Жылу электр станцияларының шығарындыларын тазартуды енгізу және ең жаңа технологиялар негізінде өндірісте және тұрмыста электр энергиясын жаппай үнемдеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі, жетекшінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Климаттың өзгеруі жөніндегі департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің орынбасары
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Түйтебаев
Серік Сүйінбекұлы

-

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы «Генерация» дивизионының басқарушы директоры (келісім бойынша)

Көшімбаев
Марат Болатұлы

-

Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы «Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институты» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Акопьянц
Георгий Саркисович

-

«Энергия» Қазақстандық отын-энергетика жүйелерін ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

Мағауов
Әсет Маратұлы

-

«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Оразалинов
Шаймерден Әбілмәжінұлы

-

Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

Корженецкий
Анатолий Андреевич

-

«Энергетика өнеркәсібінің Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының бас инженері (келісім бойынша)

Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы

-

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

Байғарин
Қанат Әбдуәлиұлы

-

«Nazarbayev University Research and Innovation systems» жеке мекемесінің бас директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 16 мамырға дейінгі мерзімде жылу электр станцияларының шығарындыларын тазартуды енгізу және ең жаңа технологиялар негізінде өндіріс пен тұрмыста электр энергиясын жаппай үнемдеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                        К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады