Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополиялар салаларынан шығару тұрғысынан оларға кешенді талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 75-Ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополиялар салаларынан шығару тұрғысынан оларға кешенді талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 75-Ө өкімімен  
бекітілген  

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды)
табиғи монополиялар салаларынан шығару тұрғысынан оларға
кешенді талдау жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілерімен темір жолды пайдалануға беру қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

ТМРА (жинақтау), ЭБЖМ, ККМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы III тоқсан

2.

Экспорт және транзит бағыттары бойынша магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша мұнайды айдау қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

ТМРА (жинақтау), ЭБЖМ, МГМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы III тоқсан

3.

Теңіз порты қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

ТМРА (жинақтау), ЭБЖМ, ККМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы IV тоқсан

4.

Қосылатын байланыс операторларымен телефон трафигiн қосылатын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарынан (-на) (қолжетiмдiлiк тораптарынан) (-на) өткiзу қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

БАА (жинақтау), ЭБЖМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2014 жылғы IV тоқсан

5.

Кірме жолдар қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

ТМРА (жинақтау), ЭБЖМ, ККМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы I тоқсан

6.

Әуежай қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

ТМРА (жинақтау), ЭБЖМ, ККМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы II тоқсан

7.

Қалаларалық деңгейде IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетiмдiлiк тораптарын) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілеріне қосу қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

БАА (жинақтау), ЭБЖМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы III тоқсан

8.

Почта байланысының қолжетімді қызметтері нарығына талдау жүргізу

БҚА-ға ақпарат

БАА (жинақтау), ЭБЖМ, БҚА, мүдделі мемлекеттік органдар

2015 жылғы IV тоқсан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
БАА – Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігі;
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады