Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 87-ө өкімі

      Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің 2014 жылғы 18 - 20 маусымда Қазақстан Республикасына (Aстана және Aлматы қалаларына) мемлекеттік сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
       2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) «1+12» форматы бойынша Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелеріне Aстана және Aлматы қалаларында жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2014 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейдегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Жекелеген азаматтар санатына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Корея Республикасының ресми делегациясы мүшелерінің Aстана және Aлматы қалаларының әуежайларында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
       4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің арнайы ұшағының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Aстана және Aлматы қалаларының әуежайларында қонуын және одан ұшып шығуын;
      2) Aстана және Aлматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшаққа техникалық қызмет көрсетуді, оның тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің құрметіне берілетін қабылдау (бейресми қабылдау) кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықтық қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      7. Aстана және Aлматы қалаларының әкімдіктері Корея Республикасының ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, гүл шоқтарын қою және ағаш отырғызу рәсімдерін, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хені қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Корея Республикасының ресми делегациясын Aстана және Aлматы қалаларының әуежайларында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
      10. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 87-ө өкіміне   
қосымша       

Корея Республикасының ресми делегациясының мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Корея Республикасы ресми делегациясының мүшелерін «1+12» форматы бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін Aстана және Aлматы қалаларындағы қонақ үйлерге орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, флоутерлер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсаттама, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Корея Республикасы ресми делегациясын қарсы алу және шығарып салу кезінде Aстана және Aлматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Aстана қаласында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хенің құрметіне қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі ас), бейресми қабылдаулар, сондай-ақ техникалық үстелдер ұйымдастыру.
      5. Корея Республикасы ресми делегациясының басшысы және делегация мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Іс-шаралар өтетін орындарды гүлмен безендіру.
      7. Корея Республикасы ресми делегациясының басшысы және делегация мүшелері мен оларға еріп жүретін адамдарға көліктік қызмет көрсету.
      8. Корея Республикасы ресми делегациясының басшысы және делегация мүшелері мен оларға еріп жүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету.
      9. Aстана және Aлматы қалаларында екіжақты келіссөздер мен қабылдаулар өткізу үшін залдарды жалдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады