"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 13-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесіне:

      реттік нөмірі 961-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірлері 957, 963, 964 және 966-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

957

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

      ";

      "

963

Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

964

Ғимараттардың, құрылыстардың, үйлердің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

      ";

      "

966

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу орталықтары қызметінің қағидаларын айқындау туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

      ".

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
№ 13-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әнергия үнемдеу және әнергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 04.12.2015 № 121-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

I

2

3

4

5

1.

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік оқу бағдарламасы және үлгілік оқу жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 19 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

ИДМ БҒМ

2015 жылғы наурыз

2.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу бағдарламаларын және жоспарларын бекіту туралы

бұйрық

ИДМ БҒМ

2015 жылғы наурыз

3.

Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электржабдықтарының энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

4.

Құрылыс материалдарына, бұйымдар мен конструкцияларға энергия тиімділігі бойынша талаптарды бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

5.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 04.12.2015 № 121-ө өкімімен.




6.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 04.12.2015 № 121-ө өкімімен.




7.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 04.12.2015 № 121-ө өкімімен.




8.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 04.12.2015 № 121-ө өкімімен.




9.

Энергия сервистік шартының үлгілік нысандарын бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2015 жылғы наурыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады