"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 13-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 121-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 13-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 5, 6, 7, 8-жолдар алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиiсті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актiлердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 121-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзiмi

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Өндірушілердің (импорттаушылар дың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

2.

Өндірушілердің (импорттаушылар дың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

3.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Ж.М. Қасымбек

4.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Ж.М. Қасымбек

5.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын, шығу туризмі саласында қызметін іске асыратын туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесін жалдаушылар үшін банк кепілдіктерімен қамтамасыз етуге жататын ақша сомасын, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банк шотына аударылуға тиіс ақша сомасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Ж.М. Қасымбек

6.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін арнайы ашылған банктегі шотына аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Ж.М. Қасымбек

7.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

8.

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың өзіндік жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

9.

Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін ақы төлеуді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

10.

Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлігі құралдарының (4 және одан да жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электроқозғалтқыштары бар) және олардың компоненттерінің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің және Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы

ЭМ, ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

11.

Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың өзіндік жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылар дың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарын және оның (олардың) орамдарын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Б.М. Жақсалиев

12.

"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Е.З. Тұрғымбаев

13.

"Салықтық және кедендік құпияны құрайтын ақпаратқа (мәліметтерге) мемлекеттік кірістер органдарының қол жеткізуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының бұйрығы

Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитеті

2015 жылғы 10 желтоқсан

Д.Е. Ерғожин

14.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

15.

Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

16.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау және "Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 392 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

17.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

18.

Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

19.

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

20.

Энергия аудиті қорытындыларына талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

21.

"Энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 402 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

22.

"Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

23.

"Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

24.

"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

25.

"Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту, оларды түзету, сондай-ақ олардың орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

Қ.А. Өскенбаев

26.

"Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2015 жылғы 10 желтоқсан

А.П. Рау

27.

Қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарының импортын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

28.

"Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы маусым

А.П. Рау

29.

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатылған шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2016 жылғы шілде

А.П. Рау

30.

Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы шілде

А.М. Теңгебаев

31.

Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы шілде

А.М. Теңгебаев

32.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерiн бекіту туралы

аудандар, облыстық маңызы бар қалалар мәслихат тарының шешімдері

облыстардың әкімдіктері

2015 жылғы 10 желтоқсан

Т.А. Жанке, С.Ж. Нақпаев, С.Ә. Қаныбеков, А.В. Ляпунов, С.Ж. Сүлейменов, Р.М. Әміржанов, Д.Н. Тұрғанов, Д.А. Гариков, М.С. Бигелдиев, В.С. Бубенко, В.Н. Балахонцев, Ғ.Н. Есқалиев, А.Б. Бадашев, Ғ.Т. Нұрмұхамбетов

33

Қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері мен оларды бөлу тәртібін бекіту туралы

аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың әкімдіктері

2015 жылғы 10 желтоқсан

Т.А. Жанке, С.Ж. Нақпаев, С.Ә. Қаныбеков, А.В. Ляпунов, Ж. Сүлейменов, Р.М. Әміржанов, Д.Н. Тұрғанов, Д.А. Гариков, М.С. Бигелдиев, В.С. Бубенко, В.Н. Балахонцев, Ғ.Н. Есқалиев, А.Б. Бадашев, Ғ.Т. Нұрмұхамбетов, Қ.Қ. Айтмұхаметов, Е.М. Әукенов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады