Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз тарту бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 19-ө өкімі

      Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, басшы;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры, басшының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасының басшысы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Халықаралық қатынастар және коғаммен байланыс департаментінің директоры (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

      Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша бас экономисі (келісім бойынша);

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстан бойынша бас экономисі (келісім бойынша);

      Азия Даму Банкінің портфельді басқару жөніндегі маманы (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады