"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 32-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 32-ө өкімімен
бекітілген

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір

2.

"Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 982 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір

3.

"Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы cәуір

5.

Әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2015 жылғы сәуір

6.

Жастардың ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір

7.

Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір

8.

Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

2015 жылғы сәуір


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады