"Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 78-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 65-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 01.06.2017 № 65-ө өкімімен.

      "Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 139-өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015 – 2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында:

      "1. Отбасылық құндылықтарды нығайту" деген 1-бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Отбасылық құндылықтарды нығайту, патриотизмге тәрбиелеу";

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

27

"Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының негізінде еліміздің ЖОО-лары мен колледждерінде егде жастағы адамдарға құрмет көрсету бойынша жоғары адамгершілік бағдарларды, қазақстандық патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және адамгершілік-рухани дамуды қалыптастыру жөніндегі клубтардың тиімді қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын желтоқсан

талап етілмейді


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5, 28-6, 28-7-жолдармен толықтырылсын:

      "

28- 1

Психологиялық көрсетілетін қызметтерді білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер жүйесіне ықпалдастыра отырып, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық-әлеуметтік психология лық көмекті дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 3-тармағына сәйкес)

ДСӘДМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын қаңтар

көзделген қаражат шегінде


28- 2

Аула клубтарының қызметін жүйеге келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), МСМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


28- 3

Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту шеңберінде электрондық денсаулық паспортын енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 3-тармағына сәйкес)

ДСӘДМ

2018 жыл

020 "Денсаулық сақтау жүйесін реформалау" бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде көзделген қаражат шегінде

РБ

28- 4

Репродуктивті денсаулықты сақтауға, отбасын жоспарлауға, жүктілікке дайындауға, дені сау бала тууға бағытталған репродуктивті денсаулықты сақтау саласында, оның ішінде телефон желісі арқылы консультациялық қызметтер көрсетуді кеңейту бөлігінде әлеуметтік жобаларды іске асыруды жалғастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 3-тармағына сәйкес)

ДСӘДМ

2015–2020 жылдар

001 "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде көзделген қаражат шегінде

РБ

28- 5

Өмірде қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау қызметтерін құру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), ДСӘДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


28- 6

Білім беру, ішкі істер органдары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесінде жұмыс істейтін психологтар ды оқыту үшін консультация беру, балалармен, ата-аналармен және педагогтармен психология лық түзеу жұмыстарын жүргізу бөлігінде бірыңғай әдіснамалық негіз құру жөнінде шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), ДСӘДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жыл

талап етілмейді


28- 7

Денсаулық сақтау қызметкерлер ін тарта отырып, білім беру ұйымдарында оқитындар дың саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), ДСӘДМ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


      ";

      "Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру: кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" деген 3-бөлімде:

      реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48

"Жастардың еңбек биржасы" республикалық порталын жаңғыртуды жүргізіп, және Интернет желісінде ілгерілетуді қамтамасыз ету, тиісті контентпен толтыра отырып, "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы" жеке бөлімін құру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 3-тармағына сәйкес)

ДСӘДМ (жинақтау), БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы қаңтар

037 "Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтер" бюджеттік бағдарламасын қаржылан дыру шеңберінде көзделген қаражат шегінде

РБ

      ";

      "Ақпараттық қамтамасыз ету" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 50-1-жолмен толықтырылсын:

      "

50-1

Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзекті сипат беру бойынша (оның ішінде репродуктивті денсаулықты насихаттау, басқа да өзекті материалдар бойынша) ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

ИДМ (жинақтау), ДСӘДМ, БҒМ, МСМ, ІІМ

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


      ";

      мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:

      "

      5. Болашағы біртұтас ұлт

51

Білім беру ұйымдарында медиация қызметін құру бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2016 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


52

Облыстық, қалалық, ауылдық елді мекендерде (қазіргі аллеялар базасында) "Отбасы Аллеясын" құру туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


53

БАҚ үшін "Мәңгілік Ел" идеясының негізінде моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған үздік материалдарға республикалық және өңірлік конкурстар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

ИДМ (жинақтау), ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері,

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


54

"Мәңгілік Ел" идеясын ілгерілету жөнінде іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарының өкілдері қатарынан еріктілер топтарының балалар үйлеріне, отбасылық балалар үйлеріне баруын ұйымдастыру туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне ақпарат (өкімнің 2.2-тармағына сәйкес)

БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

2015 жылғы желтоқсан

талап етілмейді


      ";

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады