Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 14.01.2016 № 2-ө өкімімен.
Стратегиялық объектілер мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 79-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 79-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) мыналар:
стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу;
стратегиялық объектілерді иеліктен шығару және оларды стратегиялық объект меншігінде немесе кепілінде тұрған жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттің сатып алуы;
жеке және заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілермен Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне қауіп төндіруі мүмкін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту;
иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
2) ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың үлестес тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына берілген және (немесе) олардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің және мемлекетпен үлестес емес заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігіндегі стратегиялық объектілердің тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыныстар енгізу болып табылады.
4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларын шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс.
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
9. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауап жібереді.
10. Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
11. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
12. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімі негізінде тоқтатылады.