Еліміздің ежелгі кезеңнен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы баяндайтын ауқымды кино- және тележобаларды жасау жөнінде 2015 – 2020 жылдарға арналған "Мәңгілік Ел" кешенді жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 104-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі № 139-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 30.09.2017 № 139-ө өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Еліміздің ежелгі кезеңнен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы баяндайтын ауқымды кино- және тележобаларды жасау жөнінде 2015 – 2020 жылдарға арналған "Мәңгілік Ел" кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар:

      1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың бесiнші күнiне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне осы өкiмнiң iске асырылуы жөнiнде ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгі айдың он бесiнші күнiне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2015 жылғы 12 қарашадағы
№ 104-ө өкiмiмен
бекiтiлген

Еліміздің ежелгі кезеңнен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы баяндайтын ауқымды кино- және тележобаларды жасау жөнінде 2015 – 2020 жылдарға арналған "Мәңгілік Ел" кешенді жоспары


Р/с №

Тапсырманың мазмұны

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1. Көркем және деректі фильмдер бойынша

1.

Көркем және деректі фильмдер, сериалдар, телебағдарламалар мен хабарлар шығару мәселелері жөнінде мүдделі мемлекеттік органдардың және республикалық телеарналардың басшыларымен кездесу өткізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

2.

Дайын көркем және деректі фильмдердің тақырыптарын айқындау және оларды қабылдау бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен сараптамалық кеңестердің жұмысы жөнінде ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

3.

Қазақстанның полиэтностығының қалыптасу тарихы туралы деректі ғылыми-танымал фильмдердің серияларын дайындау жөнінде ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

240 ББӘ 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" ББ 104 "Ұлттық фильмдер шығару" КБ шеңберінде

4.

"Режиссура", "Актерлік өнер", "Сценография" мамандықтары бойынша мәдениет саясаты тұжырымдамасына сәйкес үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын жаңарту мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, БҒМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

240 ББӘ 041 "Мәдениет пен өнер саласында кадрлар даярлау" ББ 100 "Өнер және мәдениет саласындағы білім ұйымдарының қалыптасуын қамтамасыз ету" КБ шеңберінде

5.

Өнімнің сапасын арттыруға, жұмысты жоспарлауға, өнімді дайындау мерзіміне, сценарийлермен жұмыс жасауға, дайын жобаларды қабылдау жүйесіне, фильмдерді одан әрі ілгерілетудің тиімділік жүйесін енгізуге ерекше көңіл аудару арқылы озық халықаралық жұмыс тәжірибесін енгізуді ескере отырып, "Қазақфильм" АҚ жұмысын жаңғырту жөнінде тұжырымдама әзірлеу

ПӘ-ге ақпарат

МСМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

240 ББӘ 001 "Мәдениет, спорт және дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" ББ 100 "Мәдениет, спорт және дін саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" КБ шеңберінде 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" ББ 104 "Ұлттық фильмдер шығару" КБ шеңберінде

6.

Көркем және деректі фильмдердің, сериалдардың, телебағдарламалар мен хабарлардың сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік тапсырысты жаңғырту бойынша ұсыныстар беру. Жұмысты жоспарлауға, өнімді дайындау мерзіміне, сценарийлермен жұмыс жасауға, дайын жобаларды қабылдау жүйесіне, фильмдерді одан әрі ілгерілетудің тиімділік жүйесін енгізуге ерекше назар аудару

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

7.

"Қазақфильм" АҚ мен республикалық телеарналар арасында көркем өнімді шығару мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу. "Қазақфильм" АҚ-ның ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару

іс- шаралар жоспары ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

8.

Еліміздің тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы жобалар дайындауды ескере отырып, "Қазақфильм" АҚ-ның көркем өнімдерін шығару жөніндегі тақырыптық жоспарды бекіту және түзету бойынша жұмысты жыл сайынғы негізде ұйымдастыру

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, "Қазақфильм" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін 20 желтоқсанға қарай

240 ББӘ 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" ББ 104 "Ұлттық фильмдер шығару" КБ шеңберінде

9.

Көркем және деректі фильмдер, сериалдар, телебағдарламалар мен хабарларды жетекші шетелдік, оның ішінде Еуразия Экономикалық Одаққа әріптес елдердің кинокомпанияларымен бірлесіп дайындау жөніндегі ұсыныстарды пысықтау. Еліміздің тарихы, оның ішінде 2016 жылы болатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ескере отырып, қазақстандық мәдениет пен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" жөніндегі тақырыптарды ілгерілетуге ерекше назар аудару

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ, "Президент ТРК" КЕАҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

240 ББӘ 001 "Мәдениет, спорт және дін саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" ББ 100 "Мәдениет, спорт және дін саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" КБ шеңберінде

10.

Тәжірибе алмасу және отандық көркем өнімнің сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда халықаралық және республикалық кинофестивальдерді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, "Қазақфильм" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін 20 желтоқсанға қарай

240 ББӘ 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" ББ 105 "Әлеуметтiк маңызы бар және мәдени iс-шаралар өткiзу" КБ шеңберінде

11.

Жастарға арналған (оқушылар, студенттер және басқалар) тұрақты шығармашылық телевизиялық конкурстар мен фестивальдер ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, БҒМ, "Қазақфильм" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

12.

Қазақстандық көркем және деректі фильмдердің шетелдердегі ірі халықаралық кинофестивальдерге қатысуын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

МСМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін 20 желтоқсанға қарай

қаржыландыру талап етілмейді

13.

Деректі, көркем фильмдерді, сериалдар мен тележобаларды дайындау барысында, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ескере отырып, фильмдер шығаруды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

14.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қазақстанның полиэтностығының қалыптасу тарихына арналған деректі, көркем фильмдер мен сериалдарды жасау жөніндегі ұсыныстарды дайындау

ПӘ-ге ақпарат

МСМ, ИДМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

240 ББӘ 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" ББ 104 "Ұлттық фильмдер шығару" КБ шеңберінде

15.

Деректі, көркем фильмдердің, сериалдар мен тележобалардың өндірісін мемлекеттік ынталандырудың шетелдік үздік тәжірибесін енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

16.

Еліміздің табысты дамуының үшін негіз ретінде қазақстандық мәдениетті, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту туралы деректі, көркем фильмдер мен сериалдар жасау жөнінде ұсыныстар дайындау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, "Қазақфильм" АҚ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

2. Телесериалдар бойынша

17.

Сериалдар мен ауқымды тележобаларды бірнеше жыл бойы жобалық қаржыландыру, сериалдар өндірісіне олардың санаты мен ұзақтығын (10, 20, 30 сериядан астам фильмдер, түсірілім жүргізудің күрделілік деңгейі және т.б.) ескере отырып, жаңа тариф енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

18.

Еліміздің тарихы, қазақстандық мәдениет пен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы, оның ішінде 2016 жылы болатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ескере отырып, 2015 – 2017 жылдарға арналған көркем өнімдерді дайындау жөніндегі жұмыс жоспарын түзету. Жаңа жобалардың тұжырымдама-таныстырылымын дайындау. Оларды іске асыруды қамтамасыз ету

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2017 жылға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

19.

Сериалдар өндірісі бойынша лоттардың техникалық сипаттамасына тұжырымдама мен сценарийде патриоттық тәрбие беру элементтерінің (ту, елтаңба бейнесі, әнұранның орындалуы және басқалар) болуы туралы талаптарды енгізу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

20.

Жаңа қазақстандық патриотизмді қолдау мен ілгерілетуге бағытталған жыл сайынғы телевизиялық "Алтын жұлдыз" сыйлығы – конкурсын ұйымдастыру мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, МСМ, БҒМ, ҚХАХ (келісім бойынша)

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

21.

Сериалдарды кеңінен PR-ілгерілету (билбордтар, бейнероликтер, аудиоджинглдар, Интернеттегі жарнама, жарнамалық өнімдер, көрермендермен кездесу және т.б.) мәселесін пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін, одан әрі – жыл сайын 2020 жылға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

3. Тележобалар бойынша

22.

Еліміздің тарихы, қазақстандық мәдениет пен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы, оның ішінде 2016 жылы болатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ескере отырып, 2015 – 2017 жылдарға арналған циклдік телебағдарламалар мен телехабарларды дайындау жөніндегі жұмыс жоспарын түзету. Жаңа жобалардың тұжырымдама-таныстырылымын дайындау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

23.

Тележобаларды Интернетте және әлеуметтік желілерде кеңінен ілгерілету жөніндегі ұсыныстарды пысықтау

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

24.

"Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК АҚ республикалық телеарналар жанынан тележобаларды дайындау мәселелері бойынша ғалым-тарихшылар, мәдениет қайраткерлері, экономистер, саясаткерлер, әлеуметтанушылар және басқалар қатарынан тұрақты сараптамалық кеңес құру

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

қаржыландыру талап етілмейді

25.

Зияткерлік интерактивтік бағдарламалар серияларын дайындау, сондай-ақ халықты белсенді тарта отырып, табысты шетелдік жобаларды трансферттеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ПӘ-ге ақпарат

ИДМ, "Хабар" агенттігі" АҚ, "Қазақстан" РТРК" АҚ

2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін

242 ББӘ 031 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бағдарламасы шеңберінде

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПӘ

– Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ҚХАХ

– Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы

ПМК

– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

ИДМ

– Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

МСМ

– Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

БҒМ

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

"Президент ТРК" КЕАҚ

– "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

"Қазақстан" РТРК" АҚ

– "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы

"Қазақфильм" АҚ

– "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы

"Хабар" агенттігі" АҚ

– "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы

ББӘ

– бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

ББ

– бюджеттік бағдарлама

КБ

– кiшi бағдарлама


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады