"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 107-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 19 қарашадағы
№ 107-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік
органдар

Орындау мерзімі

Норматив тік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жеңілдетілген бағаның мөлшерін бекіту туралы" 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қыркүйектегі № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 11 маусымдағы № 482 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2016 жылғы ақпан

Қ.А. Өскенбаев

2.

"Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИДМ, АШМ

2016 жылғы ақпан

Қ.А. Өскенбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады