Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингінің индикаторларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 110-ө өкімі

      Өңірлердегі іскерлік ахуалды жақсарту және Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингін енгізу мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингінің индикаторларын орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға бекіту;

      2) Қазақстан Республикасында "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингін енгізу жөніндегі жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Астана және Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері өңірлерде "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингін жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингінің индикаторларын бекіту

Р/с №

Индикатор

Орталық мемлекеттік орган

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

1

2

3

4

1

Кәсіпорындар ашу

Әділетмині

Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері

2

Меншікті тіркеу

Әділетмині

Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері

3

Құрылысқа рұқсат алу

ҰЭМ

Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері

4

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу

ЭМ

Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 21 қарашадағы
№ 110-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингін енгізу жөніндегі жұмыс жоспары

Іс шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

1

Шымкент қаласында Дүниежүзілік банк сарапшыларының, мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстанда "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі" зерттеуін іске қосу таныстырылымын ұйымдастыру және өткізу

кеңес

2016 жылғы наурыз-сәуір

ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ, Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

2

Дүниежүзілік банк сарапшыларына "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі бойынша ақпарат беру

Дүниежүзілік банкке ақпарат

2016 жылғы наурыз-маусым

ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ, Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

3

Дүниежүзілік банк сарапшыларының өңірлерде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі" зерттеуінің деректерін жинау нәтижелерін талқылау бойынша кездесулері

кездесу

2016 жылғы қыркүйек

Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

4

"Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингін енгізу жөнінде жүргізілген жұмыс туралы есеп

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2016 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ

5

Дүниежүзілік банк сарапшыларының, мүдделі мемлекеттік органдар және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен жүргізілген "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі" зерттеуінің нәтижелері бойынша есептің таныстырылымы

кеңес

2017 жылғы сәуір-мамыр

ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ, Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері, Әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

6

"Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингі" жүргізілген зерттеуінің нәтижелері бойынша есеп

Қазақстан Республикасы- ның Үкіметіне есеп

2017 жылғы шілде

ҰЭМ, Әділетмині, ЭМ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

      "ЭЗИ" АҚ – "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады