"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 117-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 117-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.05.2017 № 57-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы шілде

А.Н. Жұмағұлов

2

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2017 жылғы сәуір

С.Қ. Жақыпова

3

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2017 жылғы мамыр

С.Қ. Жақыпова

4

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2017 жылғы мамыр

С.Қ. Жақыпова

5

"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген күннен бастап үш ай ішінде

С.Қ. Жақыпова

6

"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2017 жылғы мамыр

С.Қ. Жақыпова

7

"Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2017 жылғы қараша

С.Қ. Жақыпова

8

"Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары күшіне енгеннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде

С.Қ. Жақыпова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады