1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 126-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші мен банкроттықты басқарушының қорытындысының үлгі нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.М. Теңгебаев |
2. | "Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларының қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині |
2015 жылғы | А.М. Теңгебаев |
3. | "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.М. Теңгебаев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі