1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралары туралы Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 130-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы ("Халықтық ІРО") шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы 10 желтоқсан | Қ.А. Өскенбаев |
2. | "Заңдастыру субъектілеріне жинақ шотына ақша енгізуді (аударуды) растайтын құжатты беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаны есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің және ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу мен жүргізу ерекшеліктері" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 134 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы 10 желтоқсан | Н.Ж. Құсайынов |
3. | Мүлікті жария ету туралы декларацияның нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2015 жылғы 10 желтоқсан | А.М. Теңгебаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі