1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықты актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 140-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
1. | "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині | 2016 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
2. | Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар бойынша бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
3. | Экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесін және құрылысы қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілерін көрсетілген тізбелерге енгізу тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
4. | "Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
5. | "Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге, нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
6. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
7. | Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
8. | Арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
9. | Арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
10. | "Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидасын және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
11. | "Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
12. | "Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
13. | "Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан (Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
14. | "Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
15. | "Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2015 жылғы желтоқсан | Р.С. Ошақбаев |
і | Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ, ҰЭМ | 2016 жылғы қаңтар | Р.С. Ошақбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.