1. Қоса беріліп отырған "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 144-ө өкімімен бекітілген |
"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындалу мерзімі | Жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині | 2015 жылғы желтоқсан | Ғ.О. Пірматов |
2. | "Астана" халықаралық қаржы орталығы аумағының шектерін айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі | 2015 жылғы желтоқсан | Ғ.О. Пірматов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі