"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен: толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 67-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 9, 21 және 22-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы ақпан | Д.Т. Ғалиева |
";
"
21. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ереже және оның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасын ың қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Д.Т. Ғалиева |
22. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасын ың қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы наурыз | Д.Т. Ғалиева |
Премьер-Министр | К. Мәсімов |