1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын;
3) қабылданған шаралар туралы жыл сайын 2017 жылғы 20 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жәнеәлеуметтік даму министрлігі жыл сайын 2017 жылғы20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 67-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 14.01.2016 № 3-ө; 14.07.2017 № 91-ө; 31.01.2020 № 19-ө өкімдерімен.
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Осы актілерді реттеу саласына жетекшілік ететін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, әзірленуі мен енгізілуінің уақтылығына жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҰБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | Д.Т. Ғалиева |
2. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ДСӘДМ, ҰБ (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | С.Қ. Жақыпова |
3. | Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ДСӘДМ, ҰБ (келісім бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, БП (келісім бойынша),ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | С.Қ. Жақыпова |
4. | Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша) | 2022 жылғы қыркүйек | А.Ә. Сарбасов |
5. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша) | 2022 жылғы қыркүйек | А.Ә. Сарбасов |
6. | "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), ДСӘДМ | 2015 жылғы қазан | Д.Т. Ғалиева |
7. | 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып, оларды қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), ДСӘДМ | 2015 жылғы қазан | Б.Ш. Шолпанқұлов |
8. | Мөлшері 2006 жылғы 1 маусымнан бастап арттырылмаған 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы | ДСӘДМ, БП (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | С.Қ. Жақыпова |
9. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы ақпан | Д.Т. Ғалиева |
10. | 2017 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ДСӘДМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2017 жылғы сәуір | С.Қ. Жақыпова |
11. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ДСӘДМ, БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы сәуір | С.Қ. Жақыпова |
12. | Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы қыркүйек | А.Ә. Сарбасов |
13. | Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ҰБ (келісім бойынша) | 2022 жылғы қыркүйек | А.Ә. Сарбасов |
14. | Сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты Орталыққа ай сайын ұсыну тәртібін бекіту туралы | бұйрық | ДСӘДМ | 2015 жылғы қазан | С.Қ. Жақыпова |
15. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | Қаржымині | 2022 жылғы қыркүйек | Қ.Е. Баеділов |
16. | "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | Қаржымині | 2015 жылғы қазан | Р.Е. Дәленов |
17. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2022 жылғы қыркүйек | А.А. Шайымова |
18. | "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | бұйрық | МСМ | 2017 жылғы қыркүйек | Ғ.Ә. Ахмедьяров |
19. | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҰЭМ | 2022 жылғы қыркүйек | А.А. Шайымова |
20 | Зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемінің индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | Д.Т. Ғалиева |
21 | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес туралы ереже және оның құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасын ың қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қаңтар | Д.Т. Ғалиева |
22. | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасын ың қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы наурыз | Д.Т. Ғалиева |
23. | Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қазан | Д.Т. Ғалиева |
24. | Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу және қалыптастыру, резерв қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, резерв қорларын есептеу әдістемесі мен құрылымын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2022 жылғы қыркүйек | Е.А. Біртанов |
25. | Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын параметрлерді бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2027 жылғы желтоқсан | Е.А. Біртанов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
"Сырбар" СБҚ – Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі
МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
"Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.