"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 14-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісім бойынша):

      1) нормативтік құқықтық және құқық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 14-ө өкімімен
бекітілген

"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізу сапасына, уақтылығына жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы" Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

2.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰБ

2016 жылғы сәуір

Д.Т. Ғалиева

3.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

4.

Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

5.

Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

6.

Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

7.

Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы мамыр

А.П. Рау

8.

"Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2016 жылғы наурыз

Б.Т. Сұлтанов

9.

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды іске асыру саласында тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ

2016 жылғы шілде

А.П. Рау

10.

Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған асыл тастарға зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы шілде

А.П. Рау

11.

Атаулы таңба уәкілетті ұйымда міндетті түрде тіркелу және уәкілетті ұйым тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы шілде

А.П. Рау

12.

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

13.

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

14.

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

15.

Сынамаларды іріктеу туралы актіні ресімдеу қағидаларын және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

16.

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бағалы металдарды өндіру субьектілерінен бас тартуды алу немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын бекіту, сондай-ақ бағалы металлдарды өндіру субьектілері үшін шарттар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2016 жылғы наурыз

А.П. Рау

17.

Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы

ҰБ

2016 жылғы наурыз

Ғ.О. Пірматов

18.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинирленген алтын құймалары етіп аффинаждауға беру және оларды аффинаждалғаннан кейін алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасын ың қаулысы

ҰБ

2016 жылғы наурыз

Д.Т. Ғалиева

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады