Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвестицияларды пайдалану тетіктерін кеңейте отырып, салалар мен өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 15-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвестицияларды пайдалану тетіктерін кеңейте отырып, салалар мен өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын, 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын, 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 9 наурыздағы
№ 15-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвестицияларды пайдалану тетіктерін кеңейте отырып, салалар мен өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с № Іс-шараның атауы Орындалуына жауаптылар Аяқтау нысаны Орындау мерзімі
1 2 3 4 5
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын әдіснамалық қамтамасыз ету

1.

Өңірлерде аралық семинарлар өткізу қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ЖАО, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ұсыныс

2016 жылғы 1-тоқсан

2.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өңірлерде аралық семинарларда айтқан ұсыныстарды есепке ала отырып, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін практикалық ұсынымдар" (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңдерін модельдік тұрғыдан ашатын құжат) анықтамалық құжатын дайындау

ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

анықтамалық құжат

2016 жылғы 1-тоқсан

3.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау рәсімдерін оңтайландыру жөнінде жаңа Бюджет кодексі тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар енгізу

"ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ұсыныс

2016 жылғы наурыз

4.

Білім саласындағы (балабақша, білім беру ұйымының жатақханасы) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, БҒМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы желтоқсан

5.

Денсаулық сақтау саласындағы (емхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, ДСӘДМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы желтоқсан

6.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, МСМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы желтоқсан

7.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшеге жарық беру жүйелері, тұрғын үйлер) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы желтоқсан

8.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, АШМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2017 жылғы маусым

9.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (қалдықтарды және қайталама ресурстарды іріктеу, қайта өндеу және/немесе кәдеге жарату зауыты (ендірісі)) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, ЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2017 жылғы маусым

10.

Көлік саласындағы (автовокзал) жобаны іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және үлгілік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын бекіту

ҰЭМ, ИДМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2017 жылғы маусым

11.

Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша біліктілігін арттыру

ОАО, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ЖАО, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

"ҚМЖӘО" АҚ сертификаты

жыл сайын, тұрақты негізде

12.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру бойынша жетекші мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу

ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

"ҚМЖӘО" АҚ ұсынымдары

жыл сайын, тұрақты негізде

13.

Өңірлердегі әлеуметтік объектілерге (орындар, объектілер саны) мен инфрақұрылымдық жобаларға (автомобиль және темір жолдары, әуежайлар және т.б.) қажеттілікті талдау

БҒМ, ДСӘДМ, МСМ, ИДМ, өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталықтары (келісім бойынша), "МЖӘ ЖСО" ЖШС (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге және "ҚМЖӘО" АҚ-ға ақпарат

жыл сайын, тұрақты негізде

14.

Мемлекеттік, үкіметтік, аумақтарды дамыту бағдарламаларын мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жобаларды іске асыру мүмкіндігін анықтау тұрғысынан талдау

БҒМ, ДСӘДМ, МСМ, Қорғанысмині, ІІМ, ИДМ, ЭМ, АШМ, ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге ақпарат

жыл сайын, тұрақты негізде

15.

Перспективалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін әзірлеу: түрлі мемлекеттік қолдау шаралары (мемлекеттік тапсырыс, грант) бар жобалар үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің оңтайлы моделін, қаржыландыру схемасын және конкурстық рәсімдердің түрлерін әзірлеу

БҒМ, ДСӘДМ, МСМ, Қорғанысмині, ІІМ, ИДМ, ЭМ, АШМ, ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

перспективалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін ҰЭМ және "ҚМЖӘО" АҚ ресми интернет-ресурсында орналастыру

жыл сайын, тұрақты негізде

16.

"Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҰЭМ, "МЖӘ ЖСО" ЖШС (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы тамыз

17.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің 2016 - 2018 жылдарға арналған лимиттерін бекіту

ҰЭМ, Қаржымині

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2016 жылғы сәуір

18.

Халықаралық қаржы ұйымдарының ұсыныстарын есепке ала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің лимиттерін айқындау әдістемесін өзектендіру

ҰЭМ, Қаржымині, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

Үкіметке ұсыныстар

2016 жылғы тамыз

19.

Іске асыруға жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

конкурстық құжаттамалардың бекітілуіне қарай

20.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау

ҰЭМ, "ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

"ҚМЖӘО" АҚ ұсынымдары

жыл сайын, жылдың қорытындысы бойынша

21.

Жоспарланып және іске асырылып жатқан республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу

"ҚМЖӘО" АҚ (келісім бойынша)

жоспарланып және іске асырылып жатқан республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

жыл сайын, тұрақты негізде

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың практикалық аспектілері

22.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

ДСӘДМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

23.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

БҒМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

24.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

ИДМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

25.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

МСМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

26.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарына қамтитын энергетика саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

ЭМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

27.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

АШМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

28.

Мыналарды:
паспортты;
енгізу кестесін;
коммуникациялар жоспарын қамтитын құқық қорғау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

ІІМ, ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

2016 жылғы наурыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар

      "ҚМЖӘО" АҚ - "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы

      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      "МЖӘ ЖСО" ЖШС - "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      ОАО - орталық атқарушы органдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады