1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Министрлер өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес стратегиялық басымдықтар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауапты болады деп белгіленсін.
3. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 180-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 61-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімов
Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
Экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
Шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
Ақпараттандыру және байланыс мәселелері.
Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері.
Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
Макроэкономикалық саясат мәселелері.
Бюджет, салық және кеден саясатының мәселелері.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері.
Мемлекеттік активтерді басқару мәселелері.
Қаржы секторының мәселелері.
Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мәселелері.
"Электрондық үкіметті" дамытуды үйлестіру мәселелері.
Заң шығару қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр мәселелері.
Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық ету.
Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамдарының, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Б.Ә. Сағынтаев
Өңірлік саясаттың жедел мәселелері.
Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері.
Құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері.
Көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту мәселелері, қажет болған жағдайда Үкімет шешімінің негізінде мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) елу және одан да көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі ұйымдардың басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мәселелері.
Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері.
Жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу мәселелері.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметі мәселелері.
Сауда саясаты мәселелері.
Ғарыш қызметінің мәселелері.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелері.
Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды, энергияның жаңартылатын көздерін, көмір өнеркәсібін, атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері, қажет болған жағдайда Үкімет шешімінің негізінде мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлесінің) елу және одан да көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі ұйымдардың басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіру.
Концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері.
Тариф саясаты мәселелері.
Статистиканы дамыту мәселелері.
Кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері ("Doing Business" мәселелері).
Дүниежүзілік Банктің, Еуропалық комиссияның, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері.
Өнеркәсіпті, инновацияларды дамыту, техникалық реттеу, шетелдік инвестицияларды тарту, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм, экспорттық бақылау мәселелері.
Алтын өндіру (барлау, ендіру, өңдеу, сату және әкелу-әкету) саласын дамыту мәселелері.
Логистиканы дамыту мәселелері.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру мәселелері.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ынтымақтастық мәселелері.
Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды үйлестіру мәселелері.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
"Қазатомпром" ұлттық атом компаниясы", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамдарының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаева болмаған кезеңде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Д.Н. Назарбаева
Білім беруді және ғылымды дамыту мәселелері.
Денсаулық сақтау мәселелері.
Әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту мәселелері.
Спортты дамыту мәселелері.
Дін мәселелері.
Демографиялық және көші-қон саясаты мәселелері.
Ақпарат мәселелері.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері", "Кәсіпқор" жобаларын іске асыру мәселелері.
Мәдениетті дамыту мәселелері.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды үйлестіру мәселелері.
Қазақстан брендін, 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін ілгерілету бойынша ел аумағында және шетелде ақпараттық-имидждік жұмыс мәселелері.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру
Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік, салалық) қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.И. Мырзахметов болмаған кезеңде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі
А.И. Мырзахметов
Агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі мәселелері.
Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
"Агробизнес-2020" бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев болмаған кезеңде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Е.Ж. Қошанов
Премьер-Министрді және Үкіметтің басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, протоколдық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
Мемлекет басшысының актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау.
Мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер қорын құру жөніндегі қызметті үйлестіру.
Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдары директорлар кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету.