Мұнай сервистік компаниялар жұмыскерлерінің жұмыстан босатылуына жол бермеу мәселелері мен оларды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 64-ө өкімі

      Мұнай сервистік компаниялар жұмыскерлерінің жұмыстан босатылуына жол бермеу мәселелері мен оларды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Адами ресурстарды басқару жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша)

      "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Норт Каспиан Оперейтинг Компани" компаниясы мемлекеттік органдармен байланыс директоры (келісім бойынша)

      "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Үкіметпен және қоғамдастықпен байланыс жөніндегі бас менеджері (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 қазанға дейін мұнай сервистік компаниялар жұмыскерлерінің жұмыстан босатылуына жол бермеу мәселелері мен оларды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды Қазақстан Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады