Газ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 66-ө өкімі

      Газ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" өндіру және бұрғылау технологиясының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

      "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)

      "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша)

      "Дженерал Электрик Нефть и Газ" компаниясының сату жөніндегі басқарушы директоры (келісім бойынша)

      "КАТЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде газ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады