1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы";
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары";
көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссия отырыстары жылына екі рет өткізіледі.".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |