Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 117-ө өкімі

      2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін тиімді түрде дайындау және өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, жетекшінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      Астана қаласының әкімі;

      Алматы қаласының әкімі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет кызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

      2. Жұмыс тобының жұмыс істеу мерзімі 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін деп белгіленсін.

      3. Жұмыс тобы 2016 жылғы 23 қарашаға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін дайындау және өткізу бойынша ұсыныстар енгізсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады