"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 8-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік кызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (келісім бойынша):

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлесін және бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 19 қаңтардағы
№ 8-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы ақпан

А.А. Шайымова

2

"Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығы

МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

2017 жылғы ақпан

А.А. Шайымова

3

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2017 жылғы ақпан

А.А. Шайымова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      МҚІСҚА - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады