Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына ауқымды ревизия жүргізу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 19-ө өкімі

      Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына ауқымды ревизия жүргізу бойынша 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2017 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына ауқымды ревизия жасап, қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады