"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 41-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары (келісім бойынша):

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 41-ө өкімімен
бекітілген

"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2017 жылғы сәуір

Қ.Қ. Айтуғанов

2.

Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ЖАО

2017 жылғы сәуір

Қ.Қ. Айтуғанов

3.

"Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ЖАО

2017 жылғы сәуір

Қ.Қ. Айтуғанов

4.

Жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, Қаржымині

2017 жылғы сәуір

Е.Н. Нысанбаев

5.

Жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ, ЖАО

2017 жылғы сәуір

Қ.Қ. Айтуғанов

6.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органдарының шешімдері

аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органдары

2017 жылғы сәуір

аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың мәслихаттар аппараттарының басшылары

7.

Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қаулылары

аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2017 жылғы сәуір

аудандардың (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері

8.

Жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды бекіту туралы

облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қаулылары

облыстардың жергілікті атқарушы органдары

2017 жылғы сәуір

облыс әкімдері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ЖАО - жергілікті атқарушы органдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады