Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің шеңберінде ресми іс-шараларды дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 73-ө өкімі

      2017 жылғы 9 маусым - 10 қыркүйек кезеңінде мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің (бұдан әрі - ЭКСПО-2017) ашылу және жабылу рәсімдеріне, ЭКСПО-2017 шеңберінде өткізілетін ресми іс-шаралар мен ұлттық күндерге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 шеңберінде өткізілетін іс-шараларға мемлекет және үкімет басшыларының қатысуы жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен осы өкімге қосымшаға сәйкес:

      1) "1+5" форматы бойынша мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелеріне қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын;

      2) делегация басшылары жұбайларымен келген жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген формат оларға қосымша делегация басшыларының жұбайларын қосуды ескере отырып түзетілсін;

      3) ЭКСПО-2017 шеңберінде мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының ресми/жұмыс сапарларын өткізуге арналған шығыстарды 2017 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер", 003 "Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы" және 004 "Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету" бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми делегациялардың басшылары мен мүшелерінің Астана қаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген делегация басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының әуежайларына қонуын және олардан ұшып шығуын;

      2) арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 өткізу уақытында мәдени іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ЭКСПО-2017 және ЭКСПО-2017 шеңберіндегі ресми іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      7. Астана қаласының әкімдігі ЭКСПО-2017 қатысушыларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының және ЭКСПО-2017 шеңберінде өткізілетін басқа да ресми іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      8. Алматы қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері Алматы, Көкшетау және Қарағанды қалаларының әуежайларында (келісім бойынша) шай дастарханын және гүлмен безендіруді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттердің ресми делегацияларының басшылары мен мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) осы өкімнің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген делегация басшыларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттер мен үкіметтер басшыларын, халықаралық ұйымдардың басшыларын және ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттердің ресми делегациялары мүшелерін Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу уақытында тиісті жәрдемді қамтамасыз етсін.

      12. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады