"Қазақстандықтардың саламатты және ұзақ өмір сүруі инновациялық медицинаны дамыту стратегиясы" жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 77-ө өкімі

      "Қазақстандықтардың саламатты және ұзақ өмір сүруі, инновациялық медицинаны дамыту стратегиясы" жобасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің статистигі, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сарапшысы;

      "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының "National Laboratory Astana" жеке мекемесінің бас директоры;

      "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының Өмір туралы ғылым орталығының директоры;

      "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының Өмір туралы ғылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп мәселелері жөніндегі орталық комиссиясының хатшысы;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Қарағанды мемлекеттік медицина университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының Жасушалы технологиялар орталығының басшысы.

      2. Жұмыс тобы 2017 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде "Қазақстандықтардың саламатты және ұзақ өмір сүруі, инновациялық медицинаны дамыту стратегиясы" жобасын іске асыру жөнінде ұсыныс әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады