1. Қоса беріліп отырған "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 94-ө өкімімен бекітілген |
"Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
2. | Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БП (келісім бойынша, жинақтау), МҚІжСЖҚА (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
3. | Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
4. | Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының рәміздері туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
5. | Прокуратура органдары лауазымды тұлғаларының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
6. | Прокуратураның білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
7. | Құқық қорғау қызметі, оларды үйлестіру мен мониторингілеу саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
8. | Прокуратура органдарында, ведомстволарын да, мекемелерімен білім беру ұйымында қаруды, оқ-дәріні және арнайы құралдарды алу, есепке алу, сақтау, алып жүру, беру, тасымалдау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | БП (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | М.М. Ахметжанов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
МҚІжСЖҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі