"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 95-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017жылғы 24 шілдедегі
№ 95-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусым № 643 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша)

2017 жылғы тамыз

Н.К. Шәріпов, А.Ж. Сабыров

2.

"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қаржымині

2017 жылғы тамыз

Т.М.Савельев

3.

"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 537 өкімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі

Қаржымині

2017 жылғы тамыз

Т.М.Савельев

4.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

М.Е. Әбілқасымова

5.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы қыркүйек

М.Е. Әбілқасымова

6.

Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2017 жылғы тамыз

Т.М. Савельев;

7.

Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

Қаржымині

2017 жылғы тамыз

Т.М. Савельев;

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ЖСК - Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Кеңесі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады