1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 105-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
2. | Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ, БҒМ, ПІБ (келісім бойынша) | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
3. | "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ, ЭМ, МСМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
4. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрығы | ІІМ | тамыз | |
5. | Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ, ҰЭМ, Қаржымині | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
6. | Басқа санаттардағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
7. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
8. | Өзінің ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің нышанын (эмблемасы мен жалауын) бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
9. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
10. | Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
11. | Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру және рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
12 | Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
13 | Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
14. | Шаруашылық қызмет нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
15. | Ихтиологиялық байқаулар қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
16. | Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2018 жылғы шілде | Е. Н. Нысанбаев |
17. | Ведомствоның аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
18. | Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
19. | Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшем шарттарын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
20 | Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
21 | Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
22 | Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
23. | Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е.Н. Нысанбаев |
24. | Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшем шарттарын айқындау әдістемесін бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
25. | Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекіту туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
26. | "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 18-1/483 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | АШМ бұйрығы | АШМ | 2017 жылғы тамыз | Е. Н. Нысанбаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы;
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.