"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік кызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 130-ө өкімі

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 16-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 130-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 9 наурыздағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Нұр Отан" партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Сандж зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша)

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады