1. Қоса беріліп отырған "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 12-ө өкімімен бекітілген |
"Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен қабылдануына жауапты тұлға |
1 | Негізсіз төленген өтемақыны қайтару қағидаларын бекіту туралы | Бірлескен бұйрық | БП (келісім бойынша, жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), МҚІСҚА (келісім бойынша), ІІМ, Қорғанысмині, Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | М.М. Ахметжанов |
2 | Өтемақы алушылардың орталықтандырылған тізілімінің нысаны мен оны ұсыну тәртібін бекіту туралы | бұйрық | Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | Б.Ш. Шолпанқұлов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі